Воскресенье, 7 декабря, 2025
Білім министрінің үндеуі

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Г. Бейсембаеваның 2025 жылғы 8 қаңтардағы Үкімет отырысындағы баяндамасы

Құрметті Олжас Абайұлы, отырысқа қатысушылар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білімді реформалаудың экономиканы дамытудағы рөліне айрықша тоқталып, өз Жарлығымен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
«Жұмысшы мамандықтар жылын» жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді.
Үкімет жанынан «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі» комиссия құрылды.
Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялауға арналған жол картасы қабылданды.
Еліміздің барлық, яғни 20 өңірінде жұмысшы мамандықтар беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жоспарлар бекітілді.
Сондай-ақ, негізгі мемлекеттік органдар, яғни 13 министрлік жаңа кәсіпорындар құру, сапалы жұмыс орындарын ашу, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, кадрлар даярлауда колледждермен бірлескен жұмысты жолға қою бойынша кешенді шаралар көзделген «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі салалық жоспарларын әзірледі.
«Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұрады.
Іс шаралар жоспарында:
• Жаңа мамандықтар Атласын дайындау;
• Кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын іске асыру;
• Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау;
• Кәсіби білікті кадрлар даярлау;
• Сапалы жұмыс орындарын құру;
• Жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау;
• Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету бойынша шаралар қарастырылған.
Бұл шараларды іске асыруға барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық-Қазына» АҚ, басқада ұлттық компаниялардың және түрлі сала кәсіподақ ұйымдарының қатысуы көзделген.
Оқу-ағарту министрлігі жоспарды іске асыруды үйлестіруші және 20-тармақ бойынша негізгі орындаушы.
Оқу-ағарту министрлігі атқаратын негізгі іс-шараларға тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
Жоспар аясында елімізде кәсіптік бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылады.
Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі дамыту үшін аймақтардағы кадрға қажеттілік ескеріле отырып, барлық өңірлерде «Жаңа кәсіптер атласы» әзірленеді.
Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Кәсіпорындар колледждермен бірлесіп 1000 мектепте бейіндік сыныптар ашады.
Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көптен күткен жаңалығы — 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері ұлғаятын болады.
Қазіргі күнгі қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес 1 студентті даярлау үшін бөлінетін қаржының орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, ол енді орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады. Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.
Жаңа қаржыландыру жүйесі — бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Жас маман» жобасы аясында 180 мемлекеттік колледж заманауи оқу құралдарымен жабдықталды.
Қазіргі таңда 270 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қажеттілік бар. Бұл білім ұйымдары оқу процесінде моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты пайдаланады. Тиісінше жекелеген жағдайларда жұмысшы мамандар даярлаудың сапасының төмендеуі және түлектер алып шығатын дағдылардың заманауи өндірістік талаптарға сәйкес келмеуі орын алуда.
Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған міндет – жұмыс берушілер болып табылатын жеке инвестицияларды тарта отырып 2025-2027 жылдары колледждерді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, колледж студенттерін жатақхана орындарымен толық қамтамасыз ету маңызды.
Қазіргі таңда, колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы 6 мың орыннан жоғары.
Ең үлкен тапшылық Алматы және Астана қалаларында және Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстаноблыстарында.
Анықтама: Алматы қаласында-2493 орын, Астана қаласында – 1143 орын, Алматы облысында – 711 орын, Ақмола облысында – 685 орын, СҚО – 500 орын, Түркістан облысында – 320 орын, Жамбыл облысында – 250 орын, Атырау облысында – 150 орын, Қостанай облысында – 53 орын, БҚО-35 орын.
Жоспарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жатақханаға мұқтаж студенттерді жатақхана орындармен толықтай қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дамытуға бизнес-құрылымдар мен инвесторлардың тарту көзделуде.
Бұл өз кезегінде дуальды оқыту жүйесін дамытып, кәсіпорындардың тапсырысы негізінде экономикаға қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр.
Алдағы уақытта колледждермен ынтымақтастық орнатып, олардың қызметіне қолдау көрсететін кәсіпорындар санын кемінде 4 мыңға жеткізу жоспарлануда.
Биыл колледждер жұмыс берушілермен бірге 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді, 1,5 мың педагог өндіріс базасында тағылымдамадан өтетін болады.
Нәтижесінде бизнеспен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, колледждер нақты экономика салалары үшін жұмысшы маман даярлаудың негізгі буынына айналады.
Жұмысшы мамандықтар жылы Жоспарда қамтылған негізгі шаралардың бірі еліміздің 10 колледжін интернационализациялау.
Оның негізгі мақсаты- қазақстан колледждерінің жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
Менеджменттің үздік халықаралық тәжірибесін енгізу үшін шетелдік менеджерлерді тарту арқылы колледждерді басқарудың озық әлемдік модельдерін енгізу іске асырылады.
Сонымен қатар, бұл жұмыстардың аясында педагогтарымыз шетелдік колледждерімен тәжірибе алмасып кәсіби деңгейін арттырады, ал студенттеріміз академиялық ұтқырлық тәртібімен аталған оқу орындарында білімін жетілдіреді.
Нәтижесінде, колледждердің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылап, білім сапасы халықаралық деңгейге көтіріледі.
Биыл Түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы Түркскилз (Turkісkills) чемпионатын өткізу жоспарлануда.
Бұл іс-шараның түпкі мақсаты — әртүрлі саладағы үздік тәжірибелерді анықтап, экономикасы тығыз байланысты мемлекеттермен инновациялық шешімдермен алмасып, оларды өндіріске енгізуге жол ашатын алаң құру.
Туркскилз чемпионатына Түрксой ұйымының мүшелері қатысады деп жоспарлануда. Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтау қаласы таңдалғандықтан — аталған іс шара Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Жұмысшы мамандықтар жылының тағы бір жаңалығы Олжас Абайұлы, өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес Астана қаласында Ұлттық құзыреттер орталығын құру болмақ.
Бұл орталық — кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді, заманауи кәсіби дағдыларды әзірлеп өндіріске енгізуге ықпал етеді. Осындай орталықтар әлемнің алдыңғы қатарлы индустриалдық мемлекеттерінде бар.
Сонымен қатар, Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық чемпионат, педагогтерге арналған салалық курстар өткізілетін болады.
Құрметті Олжас Абайұлы! Оқу-ағарту министрлігі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жоспарланған шаралардың сапалы іске асырылуына қажетті барлық шараларды қабылдайды.
Назарларыңызға рахмет!

Глава государства Қасым-Жомарт Кемелұлы в своем Послании народу Казахстана подчеркнул роль реформирования профессионального образования в развитии экономики и своим указом объявил 2025 год «Годом рабочих профессий».
В целях организации «Года рабочих профессий» на высоком уровне, был разработан план мероприятий и утвержден постановлением Правительства.
При Правительстве создана комиссия по проведению Года рабочих профессий.
Принята Дорожная карта трансформации технического и профессионального образования.
Во всех 20 регионах утверждены планы, направленные на повышение престижа рабочих профессий и качества подготовки кадров, усиление взаимодействия с работодателями.
Также 13 министерствами разработаны отраслевые планы по проведению «Года рабочих профессий», в которых предусмотрены комплексные меры по созданию новых предприятий, созданию качественных рабочих мест, повышению квалификации работников, налаживанию совместной работы с колледжами по подготовке кадров.
План мероприятий по проведению «Года рабочих профессий» состоит из 70 пунктов, охватывающих 7 направлений.
В плане мероприятий:
1) Подготовка Атласа новых профессий;
2) Реализация концепции профессиональной ориентации;
3) Трансформация технического и профессионального образования;
4) Подготовка профессионально квалифицированных кадров;
5) Создание качественных рабочих мест;
6) Защита прав рабочих кадров;
7) Предусмотрены меры по повышению имиджа рабочих профессий.
В реализации данных мер предусмотрено участие всех центральных и местных исполнительных органов, Национальной палаты предпринимателей «Атамекен», АО «Самрук-Казына» и национальных компаний, профсоюзных организаций.
Министерство просвещения координирует реализацию плана и определен основным исполнителем по 20-пунктам.
Разрешите мне остановиться на основных мероприятиях, проводимых Министерством просвещения.
В рамках плана в нашей стране будет запущена новая концепция профессиональной ориентации.
Для системного развития работы в этом направлении с учетом потребности регионов в кадрах во всех регионах будет разработан «Атлас новых профессий».
Новые подходы профориентационной работы позволят учащимся узнать о новых требованиях на рынке труда, оценить карьерные перспективы в конкретных отраслях экономики, сделать правильный выбор профессии.
С этой целью будет усилена профориентационная служба в школах, что позволит полностью охватить учащихся профессиональной диагностикой.
При сотрудничестве предприятий и колледжей в 1000 школах будут открыты профильные классы.
Будет внедрен опыт обучения старшеклассников практическим навыкам и первой рабочей профессии на базе колледжей.
Долгожданная новость для организаций технического и профессионального образования – с 1 сентября 2025 года увеличится объем подушевого финансирования.
Согласно действующей методике подушевого нормативного финансирования, средний размер средств, выделяемых на обучение 1 студента составляет 437 тысяч тенге, теперь он составит в среднем 912 тысяч тенге. Новый норматив финансирования состоит из основной и стимулирующей частей, при этом стимулирующие выплаты предоставляются колледжам, достигшим конкретных показателей.
Новая система финансирования позволит подготовить конкурентоспособных специалистов, оснастить организации образования современным материально-техническим оборудованием, организовать курсы повышения квалификации педагогов.
В рамках проекта «Жас маман» 180 государственных колледжей были оснащены современными образовательными оборудованиями.
В настоящее время существует потребность в обновлении материально-технической базы 270 государственных колледжей. Данные организации образования используют в процессе обучения морально устаревшее оборудование. Соответственно, в отдельных случаях происходит снижение качества подготовки по рабочим специальностям и приобретаемые навыки выпускников не соответствует современным требованиям производства.
В этой связи, перед местными исполнительными органами стоит задача – обеспечить колледжи современным материально-техническим оборудованием в 2025-2027 годах с привлечением частных инвестиций работодателей.
Кроме того, важно полностью обеспечить студентов колледжей общежитием.
В настоящее время дефицит жилья для студентов колледжей составляет более 6 тыс. мест.
Наибольший дефицит наблюдается в городах Алматы и Астана, а также в Алматинской, Акмолинской, Северо-Казахстанской областях.
Справочно: в г. Алматы- 2493 мест, в г. Астана -1143 мест, Алматинской области — 711 меств, в Акмолинской области — 685 мест, в СКО-500 мест, в Туркестанской области 320 мест, в Жамбылской области — 250 мест, в Атырауской области -150 мест, Костанайская область – 53 места, ЗКО – 35 мест.
Согласно плану, местным исполнительным органам необходимо обеспечить общежитиями студентов, нуждающихся в общежитиях.
Планируется привлечение бизнес-структуры и инвесторов для развития системы технического и профессионального образования.
Это, в свою очередь, позволит развить систему дуального обучения и обеспечить целевую подготовку необходимых для экономики специалистов на основе заказа предприятий.
В настоящее время шефство над колледжами оказывают лишь 518 предприятий. В дальнейшем планируется довести количество предприятий, сотрудничающих с колледжами и поддерживающих их деятельность, до 4 тысяч.
В этом году колледжи и работодатели разработают более 2 тыс. образовательных программ, на производственной базе пройдут стажировку 1,5 тыс. педагогов.
В результате сотрудничество с бизнесом выходит на новый уровень, а колледжи станут основным драйвером профессиональной подготовки рабочих кадров для конкретных отраслей экономики.
Интернационализация 10 колледжей страны – один из основных мероприятий, включенных в План Года рабочих профессий.
Его главная цель – повысить конкурентоспособность казахстанских колледжей на мировом уровне и обеспечить соответствие образовательных программ международным стандартам.
Внедрение передовых мировых моделей управления колледжем осуществляется путем привлечения иностранных менеджеров для внедрения лучших мировых практик управления.
Кроме того, в рамках данных работ наши педагоги будут обмениваться опытом с зарубежными колледжами, что позволит повысить свой профессиональный уровень, а наши студенты смогут усовершенствовать свои знания в данных учебных заведениях в рамках академической мобильности.
В результате повысится конкурентоспособность колледжей и поднимется качество образования до международного уровня.
В этом году планируется провести первый чемпионат профмастерства Тюркскилз (Turkісkills) среди тюркоязычных стран, направленный на повышение профессионального мастерства будущих рабочих специалистов.
Конечная цель данного мероприятия – выявление лучших практик в различных сферах, обмен инновационными решениями со странами со смежной экономикой и создание платформы для их реализации.
В чемпионате Тюркскилз планируется участие членов международной организации Тюрксой.
Поскольку город Актау выбран культурной столицей организации Турксой в 2025 году, данное мероприятие будет организовано совместно с акиматом Мангистауской области.
Еще одним новшеством года рабочих профессий станет создание Национального центра компетенций в Астане.
Этот центр способствует развитию и внедрению профессиональных компетенций, новых технологических решений и современных профессиональных навыков.
Подобные центры существуют в ведущих промышленных странах мира.
Кроме того, на базе Национального центра компетенций в течение года будут проводиться учебно-тренировочные лагер по подготовке к международным чемпионатам, республиканский чемпионат и отраслевые курсы для педагогов.
Уважаемый Олжас Абайұлы!
Министерство просвещения принимает все меры, необходимые для качественной реализации мероприятий, запланированных в рамках Года рабочих профессий.
Спасибо за внимание!